Өңірлерді дамыту – негізгі басымдықтың бірі
Өңірлерді дамыту – негізгі басымдықтың бірі
469
оқылды
Сенатта «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақыры­бына арналған парламенттік тыңдау болды. Сенат Төрағасы өз сөзінде Палатаның күн тәртібіндегі өңірлердің дамуы мен мем­ле­кеттік өңірлік саясаттың тиімді­лігі туралы парламенттік тыңдау ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Мәулен Әшімбаевсм см см см см см см см см см см см см см см  бүгінде Сенат өңірлердің мүддесін қор­ғайтын Палата ретінде өз жұ­мысын қайта айқындап жатқа­нын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол бұл Мем­лекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың баста­масы бойынша жүзеге асырылып жатқан саяси ауқымды рефор­малардың заңды жалғасы екеніне назар аударды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Ке­мелұлы Тоқаев өңір­лік саясатты жетілдіру жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Шын мәнінде, қуатты өңірлер – елі­міздің әлеу­меттік-экономика­лық әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігінің негізі. Мемлекет басшысы үнемі осы қағидаға баса мән беріп келеді. Сондықтан өңірлердің теңгерімді дамуына ықпал ету Сенаттың басым мін­деттерінің бірі деп белгілеп отырмыз. Жал­пы, соңғы уақытта Парламент аймақтардағы проб­лемаларды шешуге арналған ондаған заң қабылдады», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат Төрағасы атап өткен­дей, өңірлер­дегі инфрақұрылым­дық проблемалар – жылумен және электрмен жабдықтау, жол­дардың, әлеуметтік ин­фра­құрылым жағда­йы­ның төмен­дігі, сондай-ақ халық табысы дең­гейінің аздығы маңызды бо­лып қала береді.
«Мемлекет басшысы «Ин­вес­тиция орны­на тариф» бағ­дарламасы арқылы өндіріс қуатының тозуын азайту туралы нақты тап­сырма берді. Бұл ретте өңірлердегі жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстарын жандандыру аса маңызды. Олар­дың 50 пайыздан астамы әбден тозған. Кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 80 пайызға дейін жет­кен. 2023 жылғы бюджетті нақ­тылау ая­сында осы мақсатқа қар­жы бөлу жоспарланып отыр. Азаматтардың әл-ауқатына ті­келей қатысы бар осы мәселе­лерді дәйекті түрде шешу қажет. Сонымен бірге сапасыз нашар жолдар да өңірлерді дамытуды тежейтін факторлардың бірі екені анық. Сенаторлар бұл мә­селені депутаттық сауалдарда жиі көтеріп келеді. Қазіргі уа­қытта республи­калық жолдар­дың жарты­сының ғана жағдайы жақсы», – деп Мәулен Әшімбаев өңірлердің негізгі проблема­ла­рына назар аударды.
Сенатор Серік Шайдаров жоғарыда аталған проблемалар сенаторлардың халықпен кез­десулерінде және Парламент Сенатының «Өңір» депутаттық тобының отырыстары бары­сын­да жиі көтерілетінін айтты. Се­натордың айтуынша, қазіргі таңда «орталық» пен «аймақтар» арасында тиісті байланыс орна­тылмаған. Іс-шараны қорытындылаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев айтылған барлық ұсыныс парламенттік тыңдаудың қоры­тындысы бойынша әзірленетін ұсы­нымдарға енгізіліп, Үкіметке жіберілетінін айтты. Сондай-ақ ол мәселелер Сенаттың алдағы жұмысында да ескеріледі.
«Айтылған басымдықтарды іске асыру үшін Сенат депу­тат­тары Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Осы ретте өңір­лерді дамыту Сенат жұмы­сын­дағы негізгі ба­сымдықтардың бірі екенін тағы да атап өткім келеді. Біз осы бағытты әрда­йым назарда ұстаймыз. Бұл – халық­тың да басты талабы. Қазір аза­маттарымыз бізден нақты нә­ти­желер күтіп отыр. Бүгінгі Тың­­дау өңірлерімізді дамыту жә­не аза­маттары­мыз­дың әл-ау­қатын арт­тыру жо­лындағы бір­лескен жұмысы­мыз­дың жаңа кезеңіне жол ашып берді деп ой­лай­мын», – деді Мәулен Әшімбаев.