"AMANAT" партиясының сайлауалды штабы Талғар ауданындағы «Айзере» сауда үйіне барды
"AMANAT" партиясының сайлауалды штабы Талғар ауданындағы «Айзере» сауда үйіне барды
522
оқылды
"Балық берме, қармақ бер". Халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін алдымен олардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау керек. Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Осы орайда  «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасында осы саладағы өзекті мәселелерді шешіп, оны өркендетуге басымдық берілді. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы – азаматтардың табысы артып, жаңа жұмыс орындары құрылады. Нәтижесінде, ел экономикасы үдей түспек. Бұл басымдықтар Жандарбек Әшімжанов, Әсел Заирова, Ерлан Нысанбаевтың Талғар ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Үміткерлер кәсіпкерлермен кездесу үшін «Айзере» сауда үйіне барды. Тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізді.
«Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жыл сайынғы мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлерді қолдауға қазынадан қаржы бөлінеді. Өңірде 142 инвестициялық жоба іске асырылады. Ол үшін бюджеттен 971,1 млрд теңге қарастырылады. Нәтижесінде, 8,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 3,2 мың адам  кәсіптік оқытудан өтіп, қайта даярланады. Бұл тұрғыда 8 мың адам қамтылады», − деді тұрғындармен кездесуде Жандарбек Әшімжанов.
«AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап, өңірге қарасты барлық ауылдарда лайықты өмір сүруге жағдай жасауға бар күшін салады. Әрбір тұрғынның сапалы ауызсумен, көгілдір отын, инфрақұрылыммен қамтылатынын уәде етеді.
«Әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз етуге күш саламыз. Алдағы уақытта әр жыл сайын 767,5 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл дегеніміз – 1,2 мың отбасы қоныстойын тойлайды деген сөз. «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде әлеуметтік осал топқа үй алуға септесеміз», − деді Әсел Заирова.
Кандидаттар сайлауалды бағдарламаның барлық тармағын түсіндірді.  Әрі қарай Талғардағы бірнеше нысан тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді. 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды. Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.