"Сайлауалды бағдарламада не айтылғанын жастармен бірге талқылау маңызды" – мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Асылбеков
"Сайлауалды бағдарламада не айтылғанын жастармен бірге талқылау маңызды" – мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Асылбеков
730
оқылды
Мәдениет саласын дамыту, руханиятты өрістету – ұлт үшін, ұрпақ үшін үлкен маңызға ие мәселелер. АMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында мәдениет, архив, кітапхана қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату принципі көзделген. Бұл туралы бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ұжымымен кездесу өткізген бір топ кандидат пен облыстық штаб мүшесі айтып өтті. Облыста 8 мәдениет нысанын салу, тарихи және қасиетті орындарға қазба жұмыстарын жүргізу, облыстың танымал тұлғаларын, тарихи мұраларды халыққа кеңінен насихаттау да партияның сайлауалды бағдарламасында айқын көрініс тауып отыр. Осы секілді негізгі бағыттарды атаған кездесу қатысушылары еңбек ұжымының ұсыныс, сауалдарын да тыңдады. Аталған жиынға қатысушылардың бірі – кәсіпкерлік саласында шыңдалған, білімі мен біліктілігі ұштасқан, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Азамат Асылбеков. Әркез жастарды қолдау бағытындағы жұмыстарға белсенді араласатын Азамат Бисалыұлы:
«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында жалынды жастармен де кездесіп жүрмін. Бірнеше рет еркін форматта бас қостық. Біздің мақсат – жастарымыз осындай сайлау науқанында «барып кел, шауып кел» жұмыстарына араласу емес, саяси білім мен тәжірибе жинасыншы деген ниет. Сайлауалды бағдарламада не айтылғанын жастармен бірге талқылау маңызды. Өйткені, олар үшін көптеген қолдау шаралары жасақталған. Мәселен, стипендияны 1,5-2 есеге үлкейту, оқу гранттары санын арттыру, бизнес бастағысы келген жастарға 2,5%-бен жеңіл кредиттер беру туралы бастамалар жастар арасында ерекше қолдауға ие болды», – дейді ол.
Азамат Асылбеков – 1991 жылы туған, Атырау қаласының тұрғыны. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген талапты шәкірт бүгінде табысты кәсіпкер, қоғам белсендісі, жастар жанашыры. Малайзияда біліктілігін шыңдап, бірнеше салада басшылық қызметтерді табысты атқарған. Қазіргі таңда «Ультрастаб-Казахстан» ЖШС директоры.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының Сайлау қоры қаражатынан төленді