«Қоғамдық көлік саласын дамыту – еліміздің барлық қаласында өзекті мәселе. Лық толы автобустар, оларды аялдамада сарылып ұзақ күту және тозығы жеткен қоғамдық көліктер тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсерін тигізеді», – деп атап өтті Ерлан Қошанов.Сондай-ақ, штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бөлімі туралы айтты. Осы күні штаб мүшелері Семейдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен және қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және МИБ-ті (Мүлік иелерінің бірлестігі) енгізу мәселелерін талқылады.