Ақтөбе облысында мәйіті көліктен табылған әйел өліміне қатысты тың дерек шықты
Ақтөбе облысында мәйіті көліктен табылған әйел өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: КТК телеарнасы
1,481
оқылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтірген, – деп хабарлады КТК телеарнасы. Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып, жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып, пышақтаған. Қазір ол қамауда отыр.  Мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр. «Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. Қылмыстық кодекстің  99-бабы ("кісі өлтіру")  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды», – деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі  Ерболат Сарқұлов.