Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кетті
Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кетті
880
оқылды
Түркістан облысында 3 жасар бала жоғалып кетіп, кейін өзеннен денесі табылды, –  деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
"2023 жылғы 4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД  "112" пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті”, – деді министрлікте.
Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туылған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған, үйге жақын маңда өзен бар екен. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.