«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» басқарма төрағасы ауысты
«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» басқарма төрағасы ауысты
Фото: ainews.kz
2,150
оқылды
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы тағайындалды. Ауыс-түйіс туралы басқарма төрағаның өзі Әнуар Жанғозин Facebook-тағы парақшасында жазды. «Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын.   [caption id="attachment_243243" align="alignright" width="1600"] width= Әнуар Жанғозиннің Facebook-тағы парақшасынан алынды[/caption] Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және білім саласындағы ұстазым Күляш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға осындай үлкен сенім білдірген үшін шынайы алғыс айтамын. Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын», – деп жазды Әнуар Жанғозин. Назарбаев зияткерлік мектебінің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабына енгенін жазған болатынбыз.