Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: yandex.kz
489
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің батысы мен солтүстігі арқылы атмосфералық фронт өтетіндіктен, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13 градус, күндіз 0,+2 градус болады. Алматы қаласында күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 0-5 м/с соғады. Ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +14+16 градус болады. Шымкент қаласында да ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +23+25 градус болады.