«AMANAT»: халықтың игілігі үшін жұмыс істеу!
«AMANAT»: халықтың игілігі үшін жұмыс істеу!
295
оқылды
«АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Күн сайын Ақмола облысының әр өңірінен партия мүшелері мен кандидаттарға  өз тілектері мен мәселелерін айтып, жүгінуде. Ақмола облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды кезекті қабылдау өтіп, облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ермек Мұхамедиев онлайн және офлайн форматта азаматтардың өтініш-тілектерін қабылдады. Алдымен, Ермек Дәкенұлы сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылға арналған бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді. Жалпы, сайлауалды науқан кезеңінде ақмолалықтардан 700-ден астам тапсырыс түскен. Қоғамдық қабылдауға тек Көкшетау қаласының тұрғындары  емес, шалғай ауылдардың тұрғындары да онлайн кездесу арқылы жүгінеді. Ақмолалықтардың тілектерінің қатарында Сандықтау ауданындағы Новоромановка және Каменка ауылдарына су құбырының құрылысының аяқталуы да бар. Партияның Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында қалаларда және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 20 сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің құрылысы мен реконструкциясына бюджеттен қаражат қарастыру жоспарланған. Нәтижесінде, халықтың сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділігі барлық қалалар мен ауылдар қамтамасыз етілді. Елді мекендерді газбен қамту деңгейі 22%-ға немесе 174 мың адамға жетеді. Сумен жабдықтау желілерінің тозуы 53,8%-дан 51%-ға дейін, су бұру желілерінің тозуы 59,8%-дан 57%-ға дейін төмендейді. Партияның Сайлауалды бағдарламасында халықтың өмір сүру сапасын арттыру бөлімінде барлық азаматтарды ауызсумен қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Облыстың бірқатар елді мекендерінде мұндай әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы түрлі себептермен кейінге қалдырылды. Сондықтан халық депутаттардың көмегін алу үшін партияға жүгінуді. Мәселен, Новоникольское ауылындағы қонақүй құрылысы аяқталмай тұрғанын жеткізген тұрғындар, бұл нысан сұранысқа ие және шағын орта бизнестің өркендеуіне сеп боларын айтты. Тілектерден бөлек кейбір тұрғындардан  шағымдар да түсіп жатты. Азаматтардан түскен барлық өтініштерді партия өкілдері жазып алды. Алдағы уақытта әрбір сауал мен шағым облыстық филиал жанындағы қоғамдық кеңестерде көтерілетінін жеткізді.   Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді