Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,83 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464, 79 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,11 теңге. Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458,22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,3 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,5 теңге. Ресей рублі 6,05 – 6, 25 теңге аралығында саудаланып жатыр.