Бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылды: депутаттыққа кандидаттар спортшылармен кездесу өткізді  
Бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылды: депутаттыққа кандидаттар спортшылармен кездесу өткізді  
251
оқылды
Қарағанды өңірінде кандидаттар спортшылармен және спорт мектептерінің басшыларымен үгіт-насихат кездесулер өткізді. Депутаттыққа кандидаттар атап өткендей, бұқаралық спортты дамыту – басым бағыттардың бірі. – Айта кету керек, "AMANAT" партиясы бұқаралық спортты дамыту жоспарларын әзірлеуде. Партияның басымдығы –салауатты ұлт, халықтың әл-ауқаты. Бұл үшін бұқаралық спортты дамыту өте маңызды, – деп атап өтті депутаттыққа кандидат Абай Қалықов. Спорт нысандарының құрылысы спортты дамытуда ерекше маңызға ие.  Қалалар мен аудандарда көптеген спорт нысандары пайдалануға берілуде. Алдағы уақытта спорт мекемелерін одан әрі қайта құру, салу үшін "AMANAT" партиясы барлық күш-жігерін жұмсайды. Спортшылар кандидаттардың ұсыныстарына, сондай-ақ партияның оң бастамаларына қолдау білдірді. Алдағы сайлау науқанында және одан әрі осы бастамаларда партияны қолдауға ниетті.

Тапсырыс беруші: Б.К. Алтынбеков

Қарағанды облысы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған

"AMANAT" партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді