Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,15 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462, 36 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6 теңге.
Ұлттық банктің 20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 460,79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 461 теңге, сатып алу – 465 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу құны – 464 теңге.
Ресей рублі 5,75 – 6 теңге аралығында саудаланып жатыр.