Жүргізуші қаза тапты: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды
Жүргізуші қаза тапты: Астанада жантүршігерлік жол апаты болды
2,246
оқылды
Астанада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, ауыр жол апаты болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 20 наурыз күні сағат 20.30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
"Үш көлік  – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша, соталды тергеу амалдары басталды", – деді елордалық Полиция департаментінде.
Астана қаласының  Полиция департаменті өкілдері жолдарда барынша сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)