ТikTok-та «Қамажай» биі трендке айналды
ТikTok-та «Қамажай» биі трендке айналды
©https://24.kz/
1,230
оқылды
 ТikTok-та мерекеге орай «Қамажай» биі трендке айналып жатыр. Желіде қазақтың халық әнін шырқап, мың бұрылған бишілер көбейді. Ерекше әуенге билеп, бейне түсіргеннің қатары 40 мыңнан асқан. Олар миллиондаған қаралым жинап, желі қолданушыларының көзайымына айналды. Қамажайға қазір қыздар да, жігіттер де түрлі видео түсіріп әлек. Кәсіби бишілер әнді заманауи нақышқа келтіріп, дәстүрлі бидің көркін ашты. Арнайы би қиымылын үйретіп, шеберлік видео түсіргендер де көп. Осылайша, халық әніне билеген жастар, қазақ жұртын Наурызбен ерекше құттықтауда.