Елордада Наурыз мерекесіне орай инновациялық киіз үй орнатылды
Елордада Наурыз мерекесіне орай инновациялық киіз үй орнатылды
©https://turkystan.kz/
459
оқылды
Наурыз мерекесіне орай елордада ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Nur Alem маңына жақын жерде көшпелі өркениет фестивалі өтті. Астана әкімдігінің хабарлауынша, фестиваль алаңында этноауыл орнатылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнершілер өздерінің шеберліктерін көрсетті.  «Мұнда сіз қолдан жасалған бұйымдарды тамашалай аласыз, ұлттық ою-өрнектер мен кесте, кілем тоқу, киізден жасалған көне тоқыма өнері, тіпті сауыт жасау бойынша бірегей шеберлік сабақтарына қатыса аласыз», – делінген хабарламада. Фестивальдің басты ерекшелігі – жасанды интеллект көмегімен жасалған өнер, дизайн, анимация заттарын қамтитын Neo Nomad инновациялық киіз үйі орнатылды. Сонымен қатар, ЭКСПО аумағында Шығыс жәрмеңкесі ашылды. Мұнда қонақтар этникалық стильдегі дизайнерлік киімдерді, сәнді және шебер жасалған зергерлік бұйымдарды, керамика, металл, былғары және жібектен жасалған әдемі бұйымдарды және ұлттық кәдесыйларды таба алады.