"Жекпе-жектен чемпион болған": Атырауда жас жігіт куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап көз жұмды
"Жекпе-жектен чемпион болған": Атырауда жас жігіт куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап көз жұмды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Атырау тұрғыны куәгерлердің көзінше өзіне қол жұмсап көз жұмды. «Мой город» порталының жазуынша, полиция оны тоқтатуға тырысқанымен, үлгермей қалған. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбада жас жігіттің өзіне пышақ жұмсап жатқан сәтін көруге болады. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны тоқтатуға ұмтылғанымен, бәрі кеш еді. Желі қолданушылары ер адамның трамадолдың әсерінен жантүршігерлік қадамға барғанын жазады. Кейбір мәліметке қарағанда, жас жігіт жекпе-жектен чемпион болған. Қайғылы оқиға кезінде ол «трамадол» есірткісін тұтынған болуы мүмкін. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.