"Асфальт қармен бірге еріп кеткендей" – Жеңіс Қасымбек Астана жолдарын сынға алды
"Асфальт қармен бірге еріп кеткендей" – Жеңіс Қасымбек Астана жолдарын сынға алды
461
оқылды
Елордада көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге ағып кеткендей әсер қалдырады. Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек  Facebook парақшасында жазды.
«Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек», -делінген жазбада.
 width= Сонымен қатар қала басшысы өтініштерді ескере отырып, көшелер тізімін жаңартуды тапсырды.
«Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет. Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет. Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз», - деді ол.