ChatGPT қазақ тілінің болашағын айтып берді
ChatGPT қазақ тілінің болашағын айтып берді
Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Chuan Chuan
1,877
оқылды
OpenAI ұсынған ChatGPT интернетте үлкен қызығушылық туғызып отыр. Жасанды интеллект чат-боты іске қосыла салысымен адам өмірін қаншалықты өзгертетінін көрсетті. Көпшілік қолданушылар ЖИ үстемдік құруы мүмкін болашақтан қорқа бастады. SlashGear технологиялық платформасы да ChatGPT-ге технологиялық әлемнің қандай болатыны туралы сұрақтар қойды. Aikyn.kz чат-боттың жауаптарын SlashGear материалына талдау жасап, қазақ тілінің болашағы туралы жасанды интеллектің пікірін білді. [caption id="attachment_246627" align="aligncenter" width="1949"] width= Фото Shutterstock сайтынан алынды. Авторы: Chuan Chuan[/caption] Былтыр қарашада іске қосылған ChatGPT интернетте тұрақты әңгіме тақырыбына айналды. Жақында боттың ChatGPT-4 нұсқасы шықты. Студенттер одан үй тапсырмасы немесе эссе бойынша көмек сұрайды, бұл профессорлардың плагиат туралы күмәнін күшейтті. Aikyn.kz бұған дейін ChatGPT туралы бірнеше қызықты материал жариялады. Оларды мына сілтемелерден оқуға болады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші. ChatGPT-дің мүмкіндіктерін бағалаған қолданушылар болашақта чат-бот адамдардың жұмысын жеңілдетеді, тіпті олардың жұмыс орнын тартып алады деп үрейленді. Кейбір сарапшылар ЖИ тым ақылды болған кезде әлемде қиындықтар туындайды деп алаңдайды. SlashGear платформасы бұл сұрақтарды тікелей ChatGPT-дің өзінен сұраған. Олар чат-боттан технологияның болашағы қандай болады деп сұраған. Оның жауаптары адамдардың алаңдаушылығын одан әрі күшейткен сияқты. ChatGPT болашақ технологиялар адамның өмір сүру, жұмыс істеу және қарым-қатынас жасау жолында төңкеріс жасайды деп санайды.
Ол: «Біз озық робототехниканың, жасанды интеллектің, кванттық есептеулердің және толықтырылған шынайылықтың дамуын көреміз. Болашақта технология біздің күнделікті өмірімізге барған сайын еніп, қоршаған ортаға бейімделетін болады», – дейді.
Чат-боттың айтуынша, болашақ үйлер бізге үйлеріміздің температурасын, жарықтандыруын және қауіпсіздігін дауыстық команда немесе смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік береді. [caption id="attachment_246629" align="aligncenter" width="1601"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: CFOTO/Future Publishing[/caption] ChatGPT технологияның дамуы біздің күнделікті өмірімізге қатты әсер етіп, оны тиімдірек және ыңғайлы етеді деп болжайды: «Сонымен қатар біз жұмыс істеу, оқу және ойнау тәсілін өзгертетін озық виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларының пайда болуын көреміз». Ғарыш сапары алдағы 50 жылда үлкен секіріс жасауы мүмкін деп санайды ChatGPT, оның ішінде жаңа ғарыштық мекендеу орындары мен басқа планеталарды отарлауға көмектесетін жүйелер пайда болады. [caption id="attachment_246630" align="aligncenter" width="1913"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Frank Rumpenhorst[/caption] SlashGear компаниясының өкілдері ChatGPT-ден технология дамуының жағымсыз салдарын да сұраған.
«Ең үлкен алаңдаушылықтың бірі – технология жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздық пен экономикалық теңсіздікке әкеліп соқтырады», – деп жауап берген ChatGPT.
Бот жасанды интеллекті теріс пиғылда қолдану мүмкіндігін де айтқан: «ЖИ-ді бірнеше салада теріс пайдалануға болады. Мысалы, ЖИ негізінде адамның араласуынсыз шешім қабылдай алатын автономды қаруларды және басқа да әскери қолданбаларды әзірлеу». Бұл қорқынышты перспектива екенін жоққа шығара алмаймыз. [caption id="attachment_246631" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Philipp von Ditfurth[/caption] Біз де «ақылды» ChatGPT-ден қазақтар мен қазақ тілінің болашағын сұрадық.

Aikyn.kz: қазақтардың болашағы қандай?

Жауап: Басқа халықтар сияқты қазақтың болашағы да көптеген факторға, соның ішінде экономикалық дамуға, саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік бірігуге, білімге байланысты. Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан экономика және қазақтар елдің дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Дегенмен кез келген басқа елдегі сияқты, қазақ пен Қазақстанның алдында тұрған қиындықтар мен мәселелер бар. Осыған қарамастан, көптеген қазақстандық оптимистік көзқараста және өз елінің болашағына сеніммен қарайды.
[caption id="attachment_246632" align="aligncenter" width="1913"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jaap Arriens/NurPhoto[/caption]

Aikyn.kz: қазақ тілінің болашағы не болмақ?

Жауап: Қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі және оның қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысы үшін маңызы зор. Дегенмен көптеген басқа тілдер сияқты қазақ тілі де тез өзгеріп жатқан әлемде өз рөлін сақтап қалуда қиындықтарға тап болады. Бір жағынан, Қазақстанда қазақ тілін көптеген салада, соның ішінде мемлекеттік органдарда, білім беруде, мәдениетте және бұқаралық ақпарат құралдарында қолдануға міндеттейтін заңнама бар. Бұл қазақ тілін тірі тіл ретінде сақтап, оның одан әрі дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, технологияның дамуы мен халықаралық интеграцияның арқасында ағылшын тілі Қазақстанда, әсіресе жастар арасында кеңінен таралуда. Бұл болашақта қазақ тілінің қолданылуына белгілі бір ықпалын тигізуі мүмкін. Дегенмен қазақтардың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлейді. Соңғы жылдары қазақ тілі мен мәдениетін үйренуге және сақтауға деген қызығушылық арта түсті. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ тілін дамыту мен жаңғырту және оны өмірдің барлық саласында қолдану жұмыстары жалғасуда. Қазақстан Үкіметі қазақ тілінің қолданылуын белсенді түрде қолдап, оны дамыту, тарату және жетілдіру шараларын қабылдауда. Қазір  қазақ тілін білім, ғылым, мәдениет және басқа да салаларда қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама бар. Осы күш-жігердің арқасында қазақ тілі өзінің бірегейлігін сақтап, аймақтың мәдени және саяси ландшафтындағы орнын сақтап қалуға жақсы жағдай жасады».
Міне, жасанды интеллект бізді осылай бағалайды. Бәрі дұрыс сияқты, сырт көз сыншыл деген осы шығар. Чат-боттың жауабынан кейін бәрі өз қолымызда екені анық байқалады.