Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды
2,112
оқылды
Ақтөбеде жоғалып кеткен екі қыз Алматыда табылды. Қыздар туыстарына ескертпей үйден шығып кеткендерін айтты.
"14 наурыз күні полицияға 19 және 20 жастағы екі қыздың туыстары хабар-ошарсыз кету туралы арызданды. Туыстарының айтуынша, қыздар үйден шығып, қайтып оралмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде жоғалған қыздардың Ақтау қаласында көргені туралы ақпарат келіп түсті, бірақ оларды сол жерден таба алмаған. Екі аптадан кейін қыздар Алматы қаласында табылды, олар полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.
Қыздар туыстарын ескертпей жай серуендеуге шешім қабылдағанын түсіндірді.