Атыраулық оқушы әлемнің ТОП 5 университетінен шақырту алды
Атыраулық оқушы әлемнің ТОП 5 университетінен шақырту алды
Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Асқар Альмухаметовті оқуға қабылдауға әлемнің ең үздік 5 университеті дайын отыр. Шақырту жіберген оқу орындарының арасында АҚШ-тың экс президенті Барак Обама оқыған университет те бар. Асқарды АҚШ, Канада және Корея университеттері оқуға қабылдауға дайын. Олар АҚШ-тағы Columbia University, University of California Berkeley және Georgia Institute of Technology университеттері, Кореядағы Korean Advanced Institute Science and Technology және Канададағы University of Toronto университеттері.
– Осыдан 6 жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма өте қуаныштымын. Өзіме осы жылдар бойы​ қолдау білдіріп, білім берген барша ұстаздарға, кураторыма, мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін, – дейді Асқар.
Айта кетейік, Асқар халықаралық Apple компаниясының WWDC20 Swift Student Challenge атты байқауында жеңімпаз атанып, еліміздің IT компанияларында қызмет етіп те үлгерген болатын.