Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Фото Getty Images сайтынан алынды
1,294
оқылды
Әлемдегі халық саны ғасыр соңына қарай азаюы мүмкін деген болжам бар. Табысы жоғары болған сайын адамдардың бала туу көрсеткіші төмендейді. Мұның себептерін Aikyn.kz ресейлік РИА Новости материалына сілтеме жасап түсіндіреді. [caption id="attachment_247219" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Education Images[/caption]
Рим клубы халықаралық сараптама орталығының тапсырысымен жасалған болжам бойынша сегіз миллиардқа жеткен әлем халқының саны XXI ғасырдың ортасында өсуін тоқтатады. Осыдан кейін ол құлдырай бастайды.
Зерттеушілер бұл болжамды құрастыру кезінде туу көрсеткішінің төмендеуіне әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларды ескерген. Олардың қатарында табыстың өсуі мен білім деңгейінің жоғарылауы бар. [caption id="attachment_247220" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sheldon Cooper[/caption] Ғалымдар үкіметтердің ұстанатын саясатына байланысты туу көрсеткіші екі сценарий бойынша дамитынын айтады. Егер бүгінгідей саясат өзгермесе, онда 2046 жылға қарай әлем халқының өсімі тоғыз миллиардқа жақындайды, ал ғасырдың соңына қарай бұл сан 7,3 миллиардқа дейін төмендейді.
Ғылыми болжам бойынша, толық экологиялық немесе климаттық құлдырау болмайды. Бірақ жергілікті дағдарыстардың ықпалы ғасырдың ортасына дейін артады.
Екінші сценарийге сәйкес, әлем халқы 2040 жылға қарай небәрі 8,5 миллиардқа дейін өседі, ал алдағы 60 жылда 6 миллиардқа дейін төмендейді. Зерттеу авторларының пікірінше, егер үкіметтер білімге, әлеуметтік қызметтерге инвестицияны арттырса дәл осы болжам орындалуы мүмкін. [caption id="attachment_247221" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Unique Nicole[/caption] Ғалымдар тобы адам санының азаюы адамзат өркениетіне және қоршаған ортаға оң әсер етеді деп есептейді. Парниктік газ шығарындылары күрт төмендейді. Жаһандық жылыну екі градустық белгіден төмен түседі, жабайы табиғат бірте-бірте қалпына келеді.
Бұл жерде айтарлықтай теріс салдарлар да бар: халықтың орташа жасы ұлғайған сайын әлеуметтік салаға түсетін салмақ айтарлықтай артады. Қазірдің өзінде Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерде бұл тенденция айқын көрінуде.
[caption id="attachment_247222" align="aligncenter" width="1913"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: VCG[/caption] 2020 жылы да Сиэтлде (АҚШ) орналасқан денсаулықты бағалау ғылыми ұйымының зерттеуі де 2100 жылға қарай әлем халқының саны 6,3 миллиардқа дейін төмендейді деген болжам жасаған. Олар демографиялық шығыны 48 пайызды құрайтын Қытай елінде депопуляция күшейгенімен, 2035 жылға қарай бұл мемлекет әлемдегі ең ірі экономикаға айналатынын, бірақ ғасырдың аяғында ол қайтадан АҚШ-қа жол беретіні айтылған.
2022 жылдың жазында БҰҰ да жаһандық демографиялық болжамды жариялады. Оған сәйкес, Жер халқының өсуі баяулағанымен, ол жылдам және соншалықты күшті болмайды. Дүниежүзілік ұйым адам халқының саны 2080 жылдары 10,4 миллиардқа жетеді деп болжайды.
Бұл туралы Aikyn.kz былтыр қазан айында мақала жариялады. Ресейлік демографтар БҰҰ-ның халық саны жөніндегі болжамын ықтимал деп санайды. Олардың  пікірінше, ең батыл болжамдарға сәйкес, Жер халқының саны жеті миллиардтан төмен түсуі екіталай.   [caption id="attachment_247224" align="aligncenter" width="1225"] width= График kommersant.ru сайтынан алынды[/caption] Өмір сапасы мен бала туудың төмендеуі арасында шын мәнінде байланыс бар болғанымен, ол әртүрлі жағдайда әртүрлі нәтиже береді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ, нәресте өлімі, білім беру, урбандалу көрсеткіштері бойынша Сахараның оңтүстігіндегі Африкада туу көрсеткіші әлемнің басқа бөліктеріне қарағанда айтарлықтай жоғары.
Мысалы, Нигерияда да, Қытайда да халықтың жартысы қалаларда тұрады. Бірақ Қытайда бір әйелге 1,2 баладан, ал Нигерияда 5,1 баладан келеді.
Нигерия халқының 90 пайызы қалаларда тұрып, жан басына шаққандағы ЖІӨ Қытаймен тең болса да, туу көрсеткішінің екіден төмен болуы екіталай екенін демограф ғалымдар айтуда. [caption id="attachment_247227" align="aligncenter" width="1225"] width= Фото onetwotrip.com сайтынан алынды[/caption]
Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың басына қарай туу көрсеткіші бір әйелге шаққанда екі баладан төмен түсіп, қазір үш балаға дейін өскен.
Қырғызстан 2000 жылдардың басында екіге қысқарды, ал қазір бұл көрсеткіш үштен асып кетті. Осыған ұқсас жағдай Азия мен Африканың мұсылман елдерінде, атап айтқанда, Иран мен Тунисте де бар екен. РИА Новости материалында демографиялық сәтсіздіктердің әсері бізге ғасырдың ортасына қарай қайта оралуы мүмкін екені айтылады. Сондықтан ең дұрыс саясаттың өзінде халық санының азаюын уақытша болса да болдырмауға күш салу керек.