Үкіметте Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Үкіметте Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
369
оқылды
Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағынына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауар жеткізу логистикасы туралы баяндалды. үкімет Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әрекет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. үкімет