Елімізде балаларды 1-сыныпқа тіркеуге құжат қабылдау басталды
Елімізде балаларды 1-сыныпқа тіркеуге құжат қабылдау басталды
911
оқылды
Биыл өтініштерді қабылдау науқаны 1 сәуірде басталғанымен, бұл күн демалыс күні болды. Сондықтан балаларды бірінші сыныпқа тіркеу туралы өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады. Құжаттарды egov.kz электронды үкіметінің сайты арқылы тапсыруға немесе мектепке қағаз түрінде өткізуге болады. Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Балалар бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Қандай құжаттар қажет?
  • Баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші
  • №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама
  • 026/у-3 баланың денсаулық паспорты
  • баланың 3*4 суреті (2 дана)
Мемлекет тұрғылықты жерін есепке алмай, жалпы білім беретін мектепке қабылдау құқығын береді. Бұл жағдайда өтінішті тек бір ғана мектепке беруге болады. Құжат қабылдау 2023 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.