«АМАNАТ» фракциясының алғашқы отырысында алдағы жұмысты ұйымдастыру мәселелері бекітілді
«АМАNАТ» фракциясының алғашқы отырысында алдағы жұмысты ұйымдастыру мәселелері бекітілді
1,587
оқылды
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы,  «AMANAT» фракциясының төрағасы Елнұр Бейсенбаев партия атынан жаңадан сайланған депутаттарға алдағы жұмыс тәртібін түсіндіру бойынша отырыс өткенін мәлімдеді.
«Мәжіліс қабырғасында «AMANAT» фракциясының алғашқы отырыстарының бірін өткізіп, алдағы жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін бекітіп алдық. Өздеріңізге белгілі, біздің партия атынан сайланған депутаттың 70%-дан астамы Мәжіліске жаңа келгендер. Сондықтан, оларға жұмыс істеу тәртібін түсіндірдік. Мәжіліс депутаты жұмысындағы ең өзекті мәселе – депутаттық сауалдарды дайындау және жариялау. Фракция мүшелеріне оның алгоритмдері көрсетілді. Депутаттық сауал әзірлеуде біздің басты талабымыз бен ұстанымымыз анық: фракция мүшесі елдік сипаттағы мәселелерді көтеруі қажет. Ең сезімтал және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдарын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, популизм, жеке азаматтардың немесе белгілі бір топтардың мүддесі үшін жұмыс істеуге жол берілмейді! Біз үшін мемлекет пен халықтың мүддесі бәрінен биік! Сонымен бірге, фракция мүшелеріне мінез-құлық нормаларын, депутаттық әдеп этикасын қатаң сақтау ескертілді», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Мәжілістегі «AMANAT» фракциясында 62 депутат бар. Олардың 40-ы партиялық тізім арқылы сайланса, қалған 22-сі бір мандатты округ бойынша депутат болды.