Үкімет кен орындарын тиімді игеру мәселесін талқылады
Үкімет кен орындарын тиімді игеру мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz
709
оқылды
Үкіметте тау-кен металлургия саласын дамыту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды. Талқылау барысында Премьер-Министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.