Мұнай-газ саласындағы маңызды объектілерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады
Мұнай-газ саласындағы маңызды объектілерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz
551
оқылды
Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.   Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады. Премьер-министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.