Анасы қайтыс болды – Тоқаев Түрікменстанның көшбасшысына көңіл айтты
Анасы қайтыс болды – Тоқаев Түрікменстанның көшбасшысына көңіл айтты
1,065
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Оғұлабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.  
"Анаңыз Оғұлабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды қатты қайғыра қабылдадым. Оғұлабат эдженің өз өмірін Отаны мен халқына арнады. Ол – даналықтың, жоғары руханилықтың және үлкен қайырымдылықтың бейнесі. Орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, Қазақстан халқының атынан және өзімнен сізге және жақындарыңызға шын жүректен көңіл айтамын, жанашырлық пен қолдау сөздерін білдіремін", – делінген жеделхатта.
Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке де көңіл айтты. Сенбі, 8 сәуірде ұлттық көшбасшы Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовтың әжесі Оғұлабат Бердімұхамедова өмірден өтті.