Әл-Фараби университеті – армандар мекені
Әл-Фараби университеті – армандар мекені
1,142
оқылды
Еліміздегі ең іргелі оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы құрылған тарихы терең, ТМД елдері арасында алдағы орында келе жатқан білім ордасы. Халықаралық Quasquarelli Symonds (QS) агенттігінің рейтингіндегі әлемдегі ең үздік 200 университет қатарына енген Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны. Бұндай үлкен жетістіктің артында университетте білім алып жүрген әр студенттің, профессорлар мен оқытушылардың үлкен командалық еңбегі жатыр. ҚазҰУ-де студенттерге оқуға ынтасын арттыруы үшін барлық жағдай жасалған. Университетте Орталық Азиядағы ең үлкен кітапхана, жайлы өмір сүруіне арналған жатақханалар, соңғы үлгіде салынған ыңғайлы корпустар студенттердің еркін білім алып тұлғалық қасиеттерін дамытуына үлкен мүмкіндік береді. Республика бойынша жоғары білімі мол, кәсіби мамандарды қалыптастыру шеберханасы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ерекше рөль атқарады. Бүгінгі таңда университет 16 факультеттен құралады. Соның ішінде ерекше көзге түсетін Экономика және бизнес жоғары мектебі. Бұл күнде белсенді дамып келе жатқан инновациялық технологиялар мен креативті бәсекеге қабілетті мамандардың қажеттілігіне байланысты отандық жоғары білікті маркетологтар мен логистерге сұраныс артып келеді. Олар отандық өнімдерді зерттеу, талдау, ілгерілету, сондай-ақ өндірісті оңтайландырады. Маркетинг және логистика саласындағы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Экономика және Бизнес жоғары мектебі» факультетінде «Бизнес-технологиялар» жеке кафедрасы құрылды. Кафедра ұжымы жоғары кәсіби қызметкерлерден: көрнекті академик-профессорлардан, ҚР еңбек сіңірген ғылыми қызметкерлерінен және доценттерден тұрады. Кафедра дайындаған мамандықтардың оқу бағдарламалары FIBAA секілді жоғары білім сапасын бағалау агенттіктерінің беделді халықаралық аккредитациясынан өтті. Нәтижесінде кафедра әртүрлі ұйымдық-құқықтық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін жоғары білімді және креативті маркетологтар мен логистерді дайындауда. Жыл сайын ҚазҰУ-ды тәмамдаған жастар Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек нарығына араласып, әртүрлі сала бойынша қызмет атқаруда. Іргелі альма-матер жылдан жылға дамып келе жатыр. Оқу ордасының қабырғасында 180-нен астам мамандық түрлері, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары мен арнайы технопарк бар. Осылардың барлығы білім шыңын бағындыруға келген студенттердің толыққанды білім алып дамуына жол ашады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үлкен қалаға биік белестерді бағындырамын деп арман қуып келген жастардың ордасымен, руханилық пен зияткерліктің орталығына айналып отыр.  

Чингиз Нурушев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Логистика мамандығының 2 курс магистрі, Эльмира Баймуханбетова, Сандыгүл. Ахметкалиева «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары