Қарағанды облысында 14 жасар спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды
Қарағанды облысында 14 жасар спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды
© Қарағанды облысы денешынықтыру және спорт басқармасы
1,225
оқылды
Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жас спортшының қайтыс болғаны туралы қыз тұратын Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Faceebook парақшасында  хабарлады.
"10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды. Арина каратэ-киокушинкай-канмен айналысып, спорттың осы түрінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болған. Отбасына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды аудан әкімі.
Қыздың өлімі туралы ақпаратқа Қарағанды ​​облысының Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қыздың ауыр жарақаттан қайтыс болғанын айтты. Арина Соннова аттан құлап, тасқа соғылған. Кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол 6 жасынан бастап Осакаровка ауылында каратэмен айналысқан. Жас спортшы республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерде бірінші орын иеленген. Арина Қазақстан чемпионаты мен кубогының, сондай-ақ Азия біріншілігінің жүлдегері болған. Аринаның алғашқы жетістігі Жезқазған қаласында өткен балалар арасындағы ашық аймақтық турнирде бірінші орын алуы еді. Соннованың жеңістерінің ішінде маңыздысы – 2019 жылы Тараз қаласында өткен Азия кубогы. Онда спортшы 2-орын алған. Кубок қорытындысы бойынша, Арина каратэ-киокушинкай-каннан Қазақстан құрамасына кірген.
"Арина Соннованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – делінген Қарағанды облысының Денешынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.