Ақтөбеде ана мен баланы пышақтап өлтірген күдікті қылмысын мойындады
Ақтөбеде ана мен баланы пышақтап өлтірген күдікті қылмысын мойындады
Фото: видеодан скриншот
1,025
оқылды
Ақтөбеде бір отбасындағы үш адамды пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. КТК арнасының хабарлауынша, 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған. Қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жастағы оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды. Ал күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.
«Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпай ұстап, қамауға алды», – деді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.
Бұған дейін итті құтқарамын деп адамды өлтіріп алған жұмысшы туралы жазған болатынбыз.