Павел Казанцев: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қолданыстағы заңға өзгеріс енгізу керек
Павел Казанцев: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қолданыстағы заңға өзгеріс енгізу керек
627
оқылды
Тұңғыш Президент кітапханасында «Жаңа Қазақтан: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың алғашқы қорытындылары» атты кездесу өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, жетекші отандық сарапшылық және ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты. Отырысты ашқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат оның басты мақсаты 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» және 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауларын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін өткен президенттік және парламенттік сайлаулар және биліктің атқарушы вертикалын қалыптастыру бойынша алдағы сайлау науқаны аясында талдау екенін атап өтті.
Модераторлық тезистерді жалғастыра отырып, Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Павел Казанцев өз сөзінде Жолдауларды жүзеге асыруда мемлекет тап болған негізгі проблемаларға, тәуекелдерге және оларды жеңу жолдарына шолу жасап тоқталды. Оның пікірінше, «бүгінгі күні Парламенттің бірінші кезектегі міндеті БАҚ, жергілікті өзін-өзі басқару, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек».
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары құрамының сапалы жаңаруына тоқтала келе, азаматтық қоғамды бүкіл мемлекет үшін маңызы бар шешімдерді қабылдау үдерісіне одан әрі тартудың келешегі туралы өз пайымымен бөлісті. Қазақстан жастары конгрессінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов бүгінде ел халқының үштен бірін құрайтын жас ұрпаққа Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларындағы рухы мен мақсаттары жақын екенін айтты. Оған дәлел, оның айтуынша, жастардың сайлау науқанына халық депутаттығына кандидат ретінде де, сайлаушылар ретінде де белсенді қатысуы. «Нәтижесінде, Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілді органдардағы жастардың үлесі жалпы мандаттардың 20 пайызынан асты», – деді ол. Талқылау барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайлау үдерістерін зерттеу бөлімінің басшысы Слямжар Ахметжаров, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қалиябан Кертаева, QazIndustry АҚ тәуелсіз директоры Ерсұлтан Бектұрғанов, «Ұлан-ғайыр дала елі» ҚБ директоры Уәлихан Бахретдинов, Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Бауыржан Шериязданов және Құндызай Ерімбетова сөз сөйледі.