Үздіктерге 3,5 млн теңге табысталды
Үздіктерге 3,5 млн теңге табысталды
867
оқылды
Ғылым күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 6-17 сәуір аралығында ғылым онкүндігі өтуде. Онкүндік аясында университеттің үздік студенттеріне 35 атаулы шәкіртақы табысталды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, үздік студенттерді анықтау, оларды ынталандыру, ғылыми әлеуетін көтермелеу, қазақтың біртуар азаматтарының есімдері мен еңбектерін насихаттау мақсатында 34 студентке 100 000 теңгеден, ал 1 студентке 120 000 теңге көлемінде атаулы шәкіртақы тағайындалады. Атап айтқанда, қазақтың тұңғыш математигі Әлімхан Ермеков атындағы шәкіртақы, тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбаев атындағы шәкіртақы, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш мұғалім Хұсни-Жамал Нұралыханова атындағы шәкіртақы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің территориялық тұтастығын сақтап қалған Жұмабек Ташенев атындағы шәкіртақы және т.б. шәкіртақылар беріледі. теңге Атаулы шәкіртақы бір реттік және жалпыға бірдей белгіленген шәкіртақылардан бөлек төленеді. Комиссия қарауына 100-ге жуық өтініш келіп түсті. Салтанатты марапаттау кезінде 35 тұлға туралы қысқа бейнероликтер көрсетілді. Үздік атанған студенттерді университеттің профессорлары, елімізге танымал ғалымдар марапаттайды. Бұл аға буын мен кейінгі буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығын айғақтайды.