Шымкентте 61 жастағы ер адам пәтерінде қаза тапты (видео)
Шымкентте 61 жастағы ер адам пәтерінде қаза тапты (видео)
Фото: spb.mk.ru
657
оқылды
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Көршілер өрт сөндірушілерді шақырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Otyrar.kz-тің дерегінше, 17-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түнгі сағат 01.00 шамасында түскен. Үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаз өртенген.
«Пәтерден 1962 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Түтінге тұншыққан тұрғындарды өрт сөндірушілер эвакуациялады», – деді Шымкент Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Көршінің айтуынша, ер адам пәтерде жалғыз тұрған. Ішімдікті мөлшерден тыс ішкен. Бұл пәтер  бұған дейін де өртенген. Ол кезде көршілері дер кезінде байқап, ер адамды аман алып қалған екен.   https://youtu.be/v4p15_yf4RE Өрттің себебін анықтау үшін мамандар тергеу жүргізіп жатыр.