Mondelēz International Халал стандарты бойынша өнімді сертификаттады және Рамазан айына жинақтар ұсынды
Mondelēz International Халал стандарты бойынша өнімді сертификаттады және Рамазан айына жинақтар ұсынды
3,366
оқылды
Mondelēz International компания тобы Қазақстанда, Өзбекстанда және «Еуразия» бөлімшесінің өзге елдерінде сатылатын Alpen Gold, Milka, «Медвежонок Барни»,  Oreo, Dirol, Toblerone және өзге брендтерінің негізгі өніміне Халал сертификаттарын алды. Өнім GSO 2055-2:2021, U2AE.S 2055-2.2016 және OIC/SMIIC 2:2019 халықаралық талаптарына сәйкес сертификатталған. Сондай-ақ тұтынушыларға Рамазан айына Mondelez өнімі салынған арнайы мерекелік жинақтар ұсынылды.
«Mondelēz International біз өз тұтынушыларымыздың өзгермелі қалауларын әрдайым бақылап отырамыз, – дейді коммерциялық стратегия және санаттарды жоспарлау басшысы Ольга Синицкая. – Біз Орталық Азия елдерінде жыл өткен сайын  көп тұтынушылар халал сертификатының болуына назар аударатынын көріп отырмыз. Сондықтан біз осы елдер үшін өнім өндірілетін Mondelez зауыттарын сертификаттауды жүргізу туралы шешім қабылдадық. Қаптамаға белгі қою үшін біраз уақыт кететінін ескере отырып, біз сатып алушыларға қаптамада көрсетілген сенім телефонының нөмірі бойынша белгілі бір өнімге халал сертификатының болуын нақтылауды ұсынамыз. Халал сертификаттарын сондай-ақ келесі сілтеме арқылы өтіп, компанияның ресми сайтынан табуға болады: https://www.mondelezinternational.com/central-asia-caucasus»
Сертификаттардың болуы ингредиенттердің құрамы, қаптамасы, өндіріс желілері мен өндіріс технологиялары халықаралық Халал стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстандағы мұсылмандар саны абсолютті сандармен республика халқының өсуімен бірге артып келеді және 2021 жылғы жағдай бойынша 13 млн. астам адамды құрады. Компанияның өз бағалауы бойынша, «Еуразия» кластерінің барлық елдеріндегі мұсылмандар саны 65 миллионнан асады. Осы деректерді ескере отырып, биыл алғаш рет Mondelez өнімдерімен Рамазан айына арналған арнайы мерекелік жиынтықтар Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығарылды. Жинақтардың барлық сұрыпталымы Халал стандарты бойынша сертификатталған және ораза ұстайтындар үшін жарамды.
«Бір қызығы, халал стандарттары бойынша сертификатталған өнімдер мұсылман дінін ұстанатын адамдар арасында ғана емес, басқа конфессиялардың өкілдері мен діни емес азаматтар арасында да танымал, - деп атап өтті Ольга. - Сатып алушылар сертификаттың болуы өнімнің қауіпсіздіктің жоғары талаптарын көрсете отырып, қосымша бақылаудан өткенін көрсетеді. Біз, бұл сертификаттаудың Milka, Oreo, Alpen Gold, «Медвежонок Барни», Dirol секілді біздің қуатты брендіміздің Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Еуразияның өзге елдеріндегі тұтынушыларымызға бұрынғыдан да жақын бола түсуге көмектесетіндігіне сенімдіміз».
Қазақстандағы Mondelēz International компаниясы туралы «Мон’дэлис Казахстан» ЖШС Mondelēz International компаниялар тобына кіреді. Компания Қазақстан нарығында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. «Мон’дэлис Казахстан» ЖШС Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Қазақстандағы дистрибуциядан басқа, кеңсе қызметкерлері "Еуразия" кластерінің келесі елдеріндегі коммерциялық қызметті қолдауға жауапты: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. Mondelēz International «Еуразия» бизнес-бөлімшесі 10 елден тұрады: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Моңғолия және Түрікменстан.