Студент өз-өзіне жатақхана жертөлесінде қол салған.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы 3-курс курсантының өлер алдында жазған хаты табылды
13,871
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өлер алдында артына хат жазып қалдырғаны белгілі болды. Хатта жазылғандай, студент жігіт бухмекерлік кеңсеге көп қарыз болып қалған. Хаттың мәтінін журналист Михаил Козачков  телеграмм-каналында жариялады.

Студент өз-өзіне жатақхана жертөлесінде қол салған. Бөлмесінен курсанттың соңғы сөзі жазылған блокноты табылған.

«Мен тағы қателікке жол бердім. Бұл жолы ешкімнің көмегіне үміт артпаймын, мен өз күнәм үшін өз өмірімді қиюға дайынмын. Жексенбіде қарызым бойынша бірінші өсімақы басталады, бұл мен үшін бәрі біткенін білдіреді. Ата-анам маған армандағанымның және сұрағанымның бәрін берді… Мен ойымқұмарлығымды өткен шақты қалдырғым келеді. Мен әбден қиналдым, үлкен шығынға батқан шағымда тоқтағаным өкінішті болды… Менің өліміме ешкімді кінәламауды сұраймын, қош болыңыздар», - делінген хатта.