Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская депутаттық мандатын тапсырды.
Бұл туралы Анна Башинская Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бұған дейін «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров мәселе Партиялық бақылау комитетінде қаралатынын айтқан болатын.