Бостондық дәрігерлер Гален көктамырының (VOGM) деп аталатын диагноз қойылған тумаған нәрестені емдей алды.
АҚШ-та дәрігерлер ана құрсағындағы баланың миына ота жасады
17
419
оқылды

Емдемеген жағдайда, бұл диагноз көп ұзамай инсульт пен жүрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін  екен.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, дәрігерлер бұған дейін де балалардың миына операция жасаған. Алайда бұл ем ана құрсағындағы балаға алғаш рет жүргізілді.

Бостон балалар ауруханасының докторы Даррен Орбах қазір баланың жағдайы жақсы екенін айтты.

    "Алты аптада нәрестенің керемет дамып келе жатқанын, ешқандай дәрі ішпейтінін, қалыпты тамақтанып жатқанын, салмақ қосып, үйге оралғанын қуана хабарлаймыз. Миға жағымсыз әсер ету белгілері жоқ", - дейді Даррен Орбах.

Жүктіліктің 34 аптасында жасалған ота кезінде дәрігерлер УДЗ технологиясын пайдаланған. VOGM кезінде мидағы артериялар қанды капиллярларға емес, тікелей веналарға шығарады, ол жүректі толтырып, мидың зақымдануына әкеп соқтырады. Бұл аурумен туылған нәрестелер емделмеген жағдайда бірнеше күннен кейін шетінеп кетуі мүмкін.

Бұған дейін VOGM бала туғаннан кейін емделетін, алайда бұл аралықта ми зақымданып үлгеретін. Ал жаңа әдіс балаға VOGM әсер етпей жатып ем-шара қолдануға бағытталған.

Операция кезінде 10 медицина қызметкерінен құралған топ қанды кері қарай ағызу үшін ұзын инемен баланың миындағы тамырға дәрі құйған.

Доктор Орбахтың сөзінше, бұл тәсіл Гален көктамырының мальформациясы диагнозын емдеу парадигмасының бастауы болуы мүмкін. Дәрігер бұл әдіс мидың ұзақ мерзімді зақымдануы, мүгедектік немесе нәрестелер арасындағы өлім қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.