Олар марихуананың әр түрлі дозасын сату кезінде ұсталды
Текеліде есірткі сатушылар тобы ұсталды
1,077
оқылды

 Жетісу облысы Текелі қаласында полицейлер арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасың жойды.

4 есірткі сатушы анықталып, марихуананың әр түрлі дозасын сату кезінде ұсталды.

«Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталады. Күдіктілердің әрқайсысы қаланың әр жерінде жеке-жеке ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде», - деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» деп аталатын есірткі заттары бар.