2021 жылдан бастап "Жастар театры" директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған
Досымжан Таңатаров "Жастар театры" директоры лауазымына тағайындалды

Белгілі әнші  Досымжан Таңатаров Астанадағы "Жастар театрының" директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

«Мәдениет қайраткері», "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап "Жастар театры" директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.