Бұл – әкімдіктің мемлекеттік бағдарлама бойынша көпбалалы аналарға берілген баспанасы.
Павлодарда көпбалалы аналарды тұруға жарамсыз үйлерге көшірген

Мәншүк Мәметова көшісінің бойындағы бүкіл үйде батыр аналар мен көпбалалы отбасылар тұрады. Бірақ жақында ғана осы жаққа тағы бір павлодарлық отбасы көшіп барды. Олар мұндай үйде тұру мүмкін еместігін айтып, көңілі толмайтынын білдірді. Бұл жайында "Еуразия бірінші" арнасы хабарлады. 

Тұрғындар үйдің іші ылғал әрі суық, не суы жоқ дейді. Тіпті, дәретханасы пайдалануға жарамсыз деп отыр. Ал жергілікті әкімдік болса, баспананың кемшін тұстары болу мүмкіндігін мойындап отыр. Бірақ біле тұра, тұрғындарға қиянат жасамағанын сендіреді.

Олардың айтуынша, Мәметова көшесіндегі барлық үйлерді құрылыс салушыдан дайын күйінде сатып алған. Бұған бюджеттен барлығы 360 миллион теңге жұмсалған. Енді 15 мамырға дейін құрылыс компаниясы баспанадағы кемшіліктерді ретке келтіруі тиіс.

Ендігіде әкімдік нысандарды алқалы түрде қабылдайтынына сендірді.

фото:zakon.kz