Ер адам 16-қабаттан секірмек болған.
Атыраулық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды
787
оқылды

Оқиға 6 мамырға қараған түні сағат 3.06 шамасында  болған.

 102 байланыс желісіне Алмагүл ықшамауданы бойындағы көпқабатты үйдің 16 қабатынан белгісіз ер азаматтың секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

 Оқиға орнына дереу жеткен Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының взвод командирі Данабек Сақуов және қызмет инспекторлары, полиция аға лейтенанты Айдос Кубиев пен полиция лейтенанты Серік Жолдығалиұлы дереу жетіп, тез арада жоғары қабатқа көтерілген.

 Оларды байқаған ер адам полицейлерге айқайлай бастаған. 

"Полицейлер ер адаммен диалог құруға тырысып,  шапшаң қимылдап, оны балконның ішіне  кіргізген. 

Қазір 23 жастағы ер адамның мұндай іс-әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Психологтермен бірлесіп, онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде", – делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова