Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.
Ақмола облысында жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі табылды, мән-жайы айтылмаған. 

1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да машинист болып жұмыс істеген. Биыл 29 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 11.30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 4 мамырда ер адам қаза болғаны белгілі болды.

2 мамырда Ақмола облысында тағы бір ер адамның өлі денесі табылды. Слепокуров Сергей Анатольевич 1978 жылы туған, Бұланды ауданы, Боярка ауылында тұрған. 2022 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 04.00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

фото: tengrinews.kz