Заңсыз айналымнан 400 гр-ға жуық есірткі заты алынды.
Елордада есірткі сатумен айналысқан әйел ұсталды
956
оқылды

 Елордада есірткі сатумен айналысқан әйел құрықталды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.

«Полицейлер саябақ аумағында есірткі жасырып кетумен айналысқан бойжеткенді анықтады. Одан жалпы салмағы 0,53 гр экстази есірткі заты тәркіленді. Жалдамалы пәтерін тінту барысында есірткі заттарының бүтін бір қоймасы анықталды. Арасында мефедрон, гашиш, галлюциногенді, марихуана және каннабис шайыры бар. Ұсталған бойжеткен оларды есірткі сатуға арналған өзінің интернет-дүкені арқылы сатпақшы болған. Заңсыз айналымнан 400 гр жуық есірткі заты алынды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полицейлер қаланың халық көп жиналатын жерлерінде есірткі курьерлері жабыстырған QR-кодтары бар жапсырмаларды тапты.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция мәліметінде.