Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес британдық боксшы Джон Райдерді мерзімінен бұрын жеңді.
Жекпе-жек Гвадалахарада (Мексика) өтіп, Альварестің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан осындай шешім қабылдады.
Мексикалық спортшы IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring титулдарын сақтап қалды.
Альварес 32 жаста және 59 жеңіске (39 нокаут) жетті, 2 жеңіліс пен 2 тең ойыны бар. Ал 34 жастағы Райдердің көрсеткіші – 32 жеңіс (18 нокаут) және 6 жеңіліс.
Бұған дейін турнирде жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, украиналық Александр Гвоздик латвиялық Ричард Болотникті 6-раундта нокаутқа түсірген болатын.