Астанада белгісіз ер адам балалардың соңынан жүріп оларды үйдің есігіне дейін аңдығаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Астанада балаларды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр - видео
2,402
оқылды

Астанада белгісіз ер адам балалардың соңынан жүріп, оларды үйдің есігіне дейін аңдығаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кадрда ер адам үш баланың соңынан кіреберіске қалай кіргені көрініп тұр.

Осыдан кейін күдікті олармен бірге лифтке мінді. Сол кезде кабинаға тағы екі бала кірген. Ер адам балалар барған қабатқа дейін барды. Олардың қай пәтерге кіргенін қадағалаған ер адам есік астында ұзақ тұрды.
Сарыарқа ауданының полиция бөлімі ер адамның жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
 
"Қорытындысы бойынша оның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", – деді полицияда.