«Қазгидромет» мамандары ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті.
Синоптиктер ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады
16,877
оқылды

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жауын-шашынсыз ауа райы елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Қостанай облысының орталық бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Соққан желдің екпіні 15-20 м/с шамасында болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні - 15-20 м / с.

Қызылорда облысының шығысында және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда найзағай болады, күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі бар. Қостанайда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың батысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, Петропавл қаласында да жел екпіні 15-20 м/с болады.

8-9 мамырда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Мамандар Семей қаласы бойынша 7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда сағат 21:00-ге дейін қолайсыз ауа райында сақ болу керегін ескертеді.

7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында да табиғат тосын мінез танытуы мүмкін.