Алматыда көпқабатты үй өртенді.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның арасынан зейнеткерді аман алып шықты
1,278
оқылды

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйге шұғыл жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 мамыр күні таңғы сағат 07.23-те өрт сөндірушілер Медеу ауданы Жібек жолы көшесі, №37 мекенжайына барған.

Бесінші қабаттағы пәтердің ас бөлмесі мен балконы өртеніп жатқан.

Өрттің тұрғын үйдің шатырына таралу қаупі болды.

Қызыл жалынды 17 минутта сөндірді.

«Үйден ес-түссіз жатқан 1955 жылғы ер адам табылды. Өрт сөндірушілер оған түтіннен қорғайтын арнайы құтқару қалпақшасын кигізіп, таза ауаға шығарды. Зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Зейнеткер есін жиды», – деді құтқарушылар.