Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені сату кезінде екі әйелді ұстады.
Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болған әйелдер ұсталды
1,436
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

«4 мамыр күні сағат 13.00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған нәресте үшін ақша алу кезінде 35 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Полиция қызметкерлері, сондай-ақ қолына нәресте тапсырылған 38 жастағы күдікті әйелді құрықтады.

Шақалақ сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.

Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», – делінген мәліметте.