Танымал блогер, көпшілікке «Жаным Баклажаным» атымен таныс Айдын Тоқсанбаева өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына өкінбейтінін айтып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Ол мұндай ойымен желідегі парақшасында бөліскен.
Ол мұсылман емес, сенікі зина деп жазатын жандар көбейді – танымал блогер

“Ол мұсылман емес, сенікі зина” деп жазатын жандар көбейді. Сол ақыл айтатын жандар мұсылманға тән іс-әрекетті жасап, “міне, мен де сен секілді, сенің жолдасың секілді балаларға қамқор бола алдым, ақыл айтайын, айтарым бар” десе мен қуана тындаймын! Ал өздері ештеңе жасамай, нағыз сауапқа толы дүниелерді жасаған басқа дін не ұлт адамына қалай “сен мұсылман болу керексің” деп айтасыздар? Мұсылман діні болмаса да, жасап жатқан ісінің өзі керемет емес пе? Мен бұл кісіні кездестірмей жатып-ақ дінге қатты жақын болдым деп айта алмаймын, менің дінім жүрегімде, ол тек Алла мен өзімнің арамызда.

Намаз оқымағанмын, бірақ бес уақыт намазын оқып, мұсылманмын деп ел жұртқа айқайлап жүргендерден өзімді ешқашан кем санамадым. Мен оған, ол маған дініңді ауыстыр деп ешқашан айтпаймыз. Осы уақытқа дейін бір дін болып, кейін ауыстыра салатын ойыншық емес. Мүмкін менікі де дұрыс емес шығар, бірақ 4 баламен жалғыз басты әйелге осындай еркекті бұйыртқан ол Алланың шексіз мейірімділігі деп білемін!», – деп жазған ол.

Желі қолданушыларының кейбірі оны жақтаса, енді бірі сынап тастаған. «Бақытты болыңдар, жүзі жылы екен, «Өзге ұлт өкілі бәрібір қазақтай болмайды», «Бір түрлі қызық екен» деп жазды олар.