«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті Айдай Исаева қымбат аудандағы 5 бөлмелі пәтерін көрсетті.
800 миллион теңге тұратын үй – Айдай Исаева үйін көрсетіп мақтанды
7,190
оқылды

Massaget.kz-тің жазуынша, жұлдыздың қымбат пәтері Алматының тау бөктерінде орналасқан. Ол жайлы қонысын «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында көрсетті.

Қазақ аруының айтуынша, бұл пәтерді орналасқан жері үшін ұнатқан.

«Бұл пәтерде барлық жиһаз дайын тұрды. Біз тек көшіп келдік. Бірақ маған модерн стиліндегі үй ұнайды. Бұл 10 жыл бұрынғы жөнделген үй. 10 жыл бұрынғы бағасы өзгерген жоқ. Қазір де 800 миллион теңгеге бағаланып тұр», – деді ол.